Мұнайшылар белсенді

(2 Votes)

Ертеңгі күні елдің жүгін көтерер тұлғаны таңдау кім-кімді де бей-жай қалдырмайтыны анық. Бұл маңызды шарадан ауданымыздың мұнайшылары да қалыс қалмады.

i

i

Вахталық әдіспен қызметте жүрген мұнайшылар бір сәтте №204,205 және 206 сайлау учаскелерінде тобымен келіп, дауыс берді.  Жұмыс киімімен келгесін бе, көп ішінен мұнайшылар «мен мұндалап» тұрды.

«Қара алтынды» өндіруде ел қазынасын еселеп жүрген мұнайшылардың еңбегі қаншалықты маңызды болса, олардың сайлауға белсенділігі де соншалықты маңызға ие болмақ.

1580 сайлаушы тіркелген  №206 сайлау учаскесіне алғашқы лекпен «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасынан 25 мұнайшы келді. Олар Жамансор стансасындағы басқармада қызмет етеді.

-Жолда тағы бір автобус келе жатыр. Жалпы бүгін сайлаушылар белсенді,-дейді учаскенің төрағасы Мейрамбай Балхашов бізбен әңгімесінде.

Е.МЫРЗА,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521