Мүгедіктік мүмкіндіктің шектелуі емес

(0 Votes)

«Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігі ірі жобаны жүзеге асырып келе жатыр. Бірлестіктің басты мақсаты - мүгедектердің тең құқығы мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге көмектесу.

Осыған орай қоғамдық бірлестік «Қолтаңба шеберханасы» атты жаңа жобаны жүзеге асыруда. Осы жоба аясында ауданда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандарға шеберлік сағаты өтті. Жобаға 15-тен астам мүмкіндігі шектеулі жан қатысып, 2 маман жұмылдырылып, ағаштан түйін түюді, құрақ құрау, тігін тігуді үйренді. Мұнда жас ерекшеліктері мен жыныстарына шектеу қойылмаған. Аталған жобаға «ТеңізШеврОйл» компаниясы қолдау танытып отыр. Негізгі мақсат – мүмкіндігі шектеулі жандардың еңбекке араласуына мүмкіндік жасау. -Ал, біздің мақсатымыз – осындай жобаны пайдалана отырып, олардың мүмкіндігін әрі қарай дамыту, – дейді жоба ұйымдастырушысы Ақмарал Саудабаева. Бұл шеберлік сағаты алдағы уақытта өзге аудандарда да жалғасын таппақ.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521