Мүгедек айтса, мұңы көп

(0 Votes)

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында «Кедергісіз келешек» жобасы аясында әлеуметтік қолдау шаралары жүйелі жүргізілуде.

Филиал төрағасының бірінші орынбасары Әсима Мендалиева және жауапты бөлім басшыларымен бірге тұрғындарды қабылдады.

Партияның саяси доктринасына сәйкес көрсетілетін әр түрлі әлеуметтік қызметтерге, өмірдің тиісті жоғары стандарттарына барлық азаматтардың қолжетімділігін тең дәрежеде қалыптастыру мақсатында «Кедергісіз келешек» жобасы зор рөл атқаруды. Осы мақсатпен қолға алынған қабылдауда аудандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар баспана мұқтаждығын, мүгедектігіне байланысты ем қабылдау, квота бөлу жеңілдіктерінің жолын, жұмыспен қамтылуға өтініштерін білдірді.

Қабылдауда Мақат кенті әкімі Б.Сәрсен, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Өтешова, жұмыспен қамту орталығының маманы Ә.Мырзахметов, аудандық аурухана директоры Б.Оңдасынов жекелеген тұрғындардың өтініштеріне заң талаптарына сәйкес кеңес берді. Тұрмыстық мұқтаждықтары, жұмыссыздық мәселелеріне заң аясында әлеуметтік қолдау көрсетіп, кеңес берген партия қызметіне тұрғындар ризашылықтарын білдірді.

Л.НҰРБАЕВА,

Суреттер автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521