Ұлт саулығына – ұқыпты көзқарас

(0 Votes)

Қоғамның әлеуметтік өмірінің маңызды саласы денсаулық сақтау бағытында мемлекеттік бағдарламалар жүйесімен медициналық қызмет көрсету даму үстінде.

Тәуелсіз елімізде ұлт саулығына ұқыппен қарап, медициналық қызмет сапасын арттыру заманауи технология жетістіктері негізінде ілгерілеп келеді. Аудандағы сала қызметіде халық денсаулығын сақтау мен дамыту үшін медициналық мекемелер тиімділігін қамтып, игі қадамдарға иек артып отыр. Аудандағы медициналық ұйымдар желісінде 34 дәрігер, 209 медбике қызмет етеді.

Сонымен қатар мемлекеттік «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы арқылы да аудан басшылығының қолдауымен медицина мамандары қызметке тартылып, оларды көтерме ақы мен тұрғын үймен қамту мәселесі де оңтайлы шешімін тауып келеді. Мәселен өткен жылы 1 терапевт, 2 акушер-гинеколог дәрігер квалификациясы бар жас мамандар жұмысқа тартылды. Халық денсаулығын жақсарту мақсатында аудан бюджетінен өткен жылы 18 млн.370 мың теңге қаржы бөлініп, Bellabista 1000 c ота кезінде тыныс жетіспеушілігін қамтитын аппараты, F9 маркалы жүрек қан тамырларын тексеретін манитор, 12L7 «ARMAN-2» диагностикалық зерттеу аппаратын, демеушілік есеппен ЭХВЧ-350-03 Фотек электрохирургиялық аппарат, Ерос Reader қан сараптау аппараты, Ерос Host2 (Мotorola МС55АО) аппараттары, т.б. құрал-жабдықтар алынып, материалдық-техникалық базасы толықтырылды.

Аудандық орталық емхана ғимаратында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесі» ашылып, психоневрологиялық ауытқулары бар, тірек қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Доссор кентінен 10 адамға арналған 21 күндік «Мейіргерлік күтім орталығы» қызмет көрсетуде. Ем алушылар мен тұрғындарды амбулаторлық медициналық картасын электрондық нысанға ауыстырылды. Сондай-ақ медицина саласы қызметінің жедел жәрдем көлігін ұйымдастыру шаралары, жалпы аудан тұрғындарының денсаулығы, отбасын жоспарлауы, кезексіз емхана шаралары сапалы қызмет нәтижесін көрсетуіне бағыт береді.

Л.НҰРБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521