Лизингке алған техника өзіңде қалады

(0 Votes)

Ауыл шаруашылығы – Қазастан экономиканың негізгі салаларының бірі. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да Қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық саяси тұрақтылығын анықтайтын

факторлардың бірі.

Республика экономикасы дамуының басым бағытының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласын техникасыз көзге елестету мүмкін емес. Қажетті техника сатып алу – әрбір шаруаның арманы. Дегенмен, оны қолма-қол ақшаға сатып алуға екінің бірінің шамасы жете бермейді. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдауға ерекше мән беріліп келеді. Соның бір айғағы «АгроҚаржы-2020» бағдарламасы бойынша «Бисембаев» ЖК-і жол-құрылыс техникасын кепілге қойып, бүгінгі күні пайдаланып отыр. Жұмысы жалғасуда. Сондай-ақ, Агролизингтің шарттарымен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы «Қожағали» шаруа қожалығы жаңа техникасын алды. Енді міне, екі-үш жыл болды. Мал шаруашылығына пайдаланып, төрт түлігін көбейтіп, кәсібінің нәсібін көріп отырған жайы бар.

Лизингтің несиеден бір айырмашылығы, келісім-шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Аристотельдің «Пайда алу мақсатында мүліктің болуы міндет емес, осы мүлікті пайдалану құқығы болу керек. Соның нәтижесінде пайда алу мүмкін болады» атты еңбегінде лизинг идеясы туралы пікірлер жазылған. Барлық кент, ауылдық округтерге лизингке техника алу жөніндегі хат жолданып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бөлім күнделікті «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалы маманымен істің барысын бақылауда ұстайды. Лизинг идеясын ауыл тұрғындары жақсы түсініп алып, пайдасын көрсе деймін. Ауыл мен селолардың өмір сапасын жақсарту-мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Ендеше ауылды түлетуді ауыл шаруашылығын өркендетуді отанымызды түлету деп түсінген жөн. Олай болса, ауыл мен ауыл шаруашылығының алдында тұрған еңселі міндеттерге үлесімізді қосайық.

Г.САТИЕВА,

аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521