Көшеттер тамшылата суарыла бастады

(4 Votes)

Көктемгі көгалдандыру және жаппай ағаш егу жұмыстары барысында аудан тәжірбиесінде бұрын-соңды қолға алынбаған экзотикалық теректер отырғызылған болатын.

s

Негізгі жұмыс барысында басты көшелерге 855 түп айланд талы және 2600 түп қара тал ағашы егілді.

Қазіргі таңда көгалдандыру ісіне әсіресе, егілген ағаштарды күтіп-баптау және суару жұмыстарына жете мән беріліп отыр.

Аудан басшылығының қолдауымен биыл облыста бұрын-соңды қолданылмаған "Суару жүйесінің автоматты таймері" құрылғысы іске қосылды.

s

s

Суару технологиясы сағат түнгі 00:00-де қосылып, таңғы сағат 06:00-ге дейін байыппен жұмыс жасайды. Осы уақыт аралығында тамшылау арқылы егілген ағаштарға нәр беріледі. Осылайша, су үнемдеу технологиясын өндіріске енгізу аймақта қолға алынуда.

Қазіргі таңда, аудан төрінде 660 түп айланд ағашы өсіп тұр. Бұл ағаштың ерекшелгі зиянкестер мен ауруларға төзімді. Әрі тез өседі. Жаңбыр жеткілікті болса, ұзындығы 2-5 метрге дейін өсетін 100 жылдық ағаш түрі.

Бұл дегеніңіз, сортаң табиғатты, ауасы құрғақ біздің аудан үшін таптырмас өсімдік.

Айта кетейік, тамшылатып суару – өсімдіктің тамырына суды, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын агрохимиялық заттарды дәл әрі біркелкі жеткізу үшін қолданылатын өндірістік әдіс. Жаңа әдіс ауданның көгалданып, жандануына мүмкіндік береді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521