Кітапханадағы наурыз мерекесі

(0 Votes)

Доссордағы №3 және №4 балалар кітапханасында ұлыстың ұлы күніне орай мерекелік шара өтті.

Шара жас оқырмандарға халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы толық мәлімет беріп, мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай, оқушыларды адамгершілікке, елін сүюге, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеуді мақсат етті.

Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары, архив қызметкерлері, С.Шарипов мектеп-интернатының 7 «а» сынып оқушылары, ұстаздар және тәрбиешілер қатысты. Ұйымдастырушылар ежелгі заманнан қалыптасқан жыл басы Наурыз мерекесінің шығу тарихы туралы әңгімелеп, түсінік берді.

Мектеп оқушылары халықтық мерекенің маңызын ашатын концерттік бағдарламасын арнаса, Қыдыр атаның батасы мен бесікке салу рәсімінің рухани мазмұнын ашып, салт-дәстүріміздің сырын дәріптеді.

Сонымен қатар, кітапхана бұрышында халқымыздың салт-дәстүрін насихаттайтын түрлі жәдігерлер қойылған «Наурыз, қош келдің» атты этно-көрме жасақталып, таныстырылды. Содан соң, шашу шашылып, қонақтарға наурыз көже ұсынылды.

М.СЕРІКҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521