Әкіммен кәсіпкер біріксе, алынбайтын қамал жоқ

(0 Votes)

Өткен аптада аудан әкімі Жұмабай Қарағаев ауданның шаруа қожалықтары, серіктестіктер басшылары, жеке кәсіпкерлермен кездесіп, ашық сұхбатқа шақырды.

Аудан әкімі Ж.Қарағаев: «Орта және шағын кәсіпкерлік басшыларының басын қосудағы мақсат ел болашағы үшін келелі мәселерді бірге, ақылдаса отырып шешу, елдің өркендеуіне танытар белсенділік, қосар үлес үйлесімділікпен жалғасын тапса, бәрімізге ұтымды, абыройлы іс болар. Бизнес саласын өркендетудегі мүдде-мемлекеттік қызметкерлер тарапынан туындап жатқан шешімсіз мәселелер болса, жалпы тілек мақсаттарыңыз жөнінде ашық әңгіме құру үшін бас қосып отырмыз. Ойларыңызды ашық айтып, жақсы пейілмен жарқын істерге жаршы болайық», - деген сөзін жеткізді.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Болатбек Сәрсен алдағы уақытта жүзеге асатын жарықтандыру және автомобиль жолдары туралы баяндап өтті. «Жолнұр» ЖК-нің иесі Ғ.Ғабдуллин Байбақты ата кесенесіне барар жолды ретке келтіру, Монданақ жайлауындағы малды суғару жайы туралы мәселе көтеріп, шешімін алуда жергілікті кәсіпкерлердің тыс қалмайтындығын айтты. Бұдан басқа, бизнес-нысандарға арналған энергетикалық ресурстардың жоғары тарифтері, жылыту мәселесіндегі көгілдір отынды бұлдаған монополистер, олардың бағалаудағы шектен аса қымбатшылығы туралы кәсіпкерлер мәселені жиі көтерді. Бұл ретте аудан басшысы алынған қызметті есептеу жайын қайта қарауға барлық тұтынушының да еркі бар екендігін, мәселеге сергек көзқараспен қарап, таяу арада шешімін алу мүмкіндігі қарастырылатынын айтты. Аудан әкімі басқосу соңынан таяу уақытта ауданда жүзеге асатын жобалармен таныстырып, бастаған істеріне сәттілік тіледі.

Г.САЛИКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521