«Каникул» жедел алдын алу шарасы өтті

(0 Votes)

Ауданда «Каникул» жедел алдын алу шарасы барысында 13 жасөспірім ұсталды.

 Қараша айының 1-4 аралығында «Каникул» жедел алдын алу шарасы өтті. Жедел шара барысында аудандық білім беру бөлімі, аудандық аурухана, Жастар ресурстық орталығы және «Мақат тынысы» қоғамдық-саяси газетімен бірлескен жоспар жасақталды.

Аудандық полиция бөлімнің жеке құрамы күшейтілген кестеде жасөспірімдердің көп шоғырланатын қоғамдық орындарында түнгі мезгілде рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылды. Полиция бөліміне жеткізілген әр кәмелетке толмаған жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442 бабы бойынша жасөспірімнің ата-анасы немесе оларды алмастыратын заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмаған және қолайсыз отбасыларды профилактикалық және тізімдік есепке қою жұмысын ұйымдастыру үшін ПБ-нің БДБ «Есептегі элемент» есебіндегі барлық тұлғаларды мекен-жайы бойынша тексеру барысында БДБ «Есептегі элемент» есебінің № 144 санаты байынша 1 қолайсыз отбасы және де №202 санаты бойынша қолайсыз отбасының жасөспірім баласы және профилактикалық есепке 1 жасөспірім анықталып, есепке алынды.

Демалыс аяқталып, енді міне, оқушылар екінші тоқсандық сабақтарына кірісті. Жұмыс мұнымен тоқтамайды. Елбасымыздың «нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша айналаның тазалығын сақтау, ұсақ бұзақылықты болдырмау мақсатымен орта мектептерде ата-аналар жиналысы мен оқушылар жиналысын өткізу, семинарлар жүргізу күн тәртібінен түспейді.

А.БАУЫРЖАНОВА,

ювеналдық полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521