Кәсіпкерлер қуаныш сыйлады

(0 Votes)

Қайырымдылық шыршасы балаларға қуаныш сыйлады. Шараны жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесінің ұйымдастыруымен бөлімше емделушілеріне жаңа жылдық кеш өткізілді.

 Ортаға құрылған жасыл шырша жанында баршасы ән салып, би билеп көңілдерін көтерді. Аяз ата мен қарша қыздың қоржынынан сыйлық алған балалар өз өнерлерін ортаға салды. Аяз ата мен ақшақардың сыйлығын күтетін балаларды қуанту аудандағы жеке кәсіпкер Саламат Қуанышев, «Гүлмира» сауда үйінің иесі Геннадий Бимановтың жадынан шыққан емес. Жыл сайын ұйымдастырылып келетін қайырымдылық шыршасы биыл да жалғасын тапты. Аталған шараға 20 мүмкіндігі шектеулі жанға сыйлықтарын табыс етті. Сондай-ақ, орталықтың тәрбиешесі Гүлнара Ергалиева да тәтті сыйлықтарын табыс етті. Қайырымдылық шарасына ризашылығын білдірген аудан әкімінің орынбасары Хайдар Төлеуішов ел игілігі үшін жасап жатқан еңбектеріне сәттілік тіледі.

Сонымен, ұйымдастыршылар жаңа жыл қарсаңында жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, ерекше қуанышқа бөледі.

Балаларға қуаныш сыйлаған кәсіпкердің мәрттігіне ата-аналар да ризашылықтарын білдірді.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521