Кәмшат өз студиясын ашты

(0 Votes)

Кіші және орта кәсіпкерлік еліміздің әлеуметтік және саяси дамуының маңызды факторы болып саналады.

Осындай жұмыстар ауданда да жалғасын табуда. Соның бір айғағы «Мұнайшы» газетінің 60 жылдығы көшесінде «Kreativ» сұлулық салоны мен фотостудия ашылды. Бұл – 4-ауыл шетіндегі тұңғыш нысан. Отбасы тірлігі, бала тәрбиесімен қатар кәсібін дөңгелетіп жүрген жандардың бірі Камшат Ерғалиева қыз-келіншектерге арналған сұлулық салонымен қатар жас жұбайларға фотосессия, шақыру билеттерін шығарып, халыққа қызмет көрсетуге кірісті. Ол кәсіпкерлер палатасының «Бастау-Бизнес» бағдарламасы арқылы оқып, білімін жетілдірді. Ата-анасының демеушілігімен, өз жеке нысанын ашып, салонға қажетті құрал-жабдықтарды өз қаражаттарына алған. Сәні мен салтанаты жарасқан бұл кәсіпкерлік нысан көпшіліктің көңілінен шығып, 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Бұл қуанышқа «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының бірінші орынбасары А.Мендалиева, аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Г.Едігеева, жастар ресурстық орталығының мамандары мен ауыл тұрғындары қатысты. Нысанның ашылу салтанатында сөз алған «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының бірінші орынбасары А.Мендалиева жас кәсіпкерді құттықтап, сәттілік тіледі. Сондай-ақ, аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Г.Едігеева лебізін білдіріп, әкесі Марат Надешовпен бірге нысанның лентасын қиды. Жас кәсіпкер К.Ерғалиева:

-Өзімнің қызығушылығыммен бала кезімнен фотоға түсірудің қыр-сырын үйрендім. Енді сол білім-білігімді кәдеге жаратудамын, – дейді. Ол осы нысанның ашылуына көмектескен ата-анасына, қуанышымен бөлісіп келген қонақтарға алғысын білдірді.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521