Көгалдандыру – көптің ісі

(0 Votes)

Адам мен табиғат арасындағы байланыс тіршіліктің тамырына қан жүгіртеді.

Әсіресе, ауыл азаматтарының туған жеріне деген сүйіспеншілігі іспен көрініс тауып жатуы құптарлық жайт. Елді мекендердегі абаттандыру, көгалдандыру бағы­тын­да көптеген жақсы істер ауданымызда да көрініс беруде. Өткен аптада аудан көлемінде 2000-ға тарта жас көшеттер отырғызылғанын оқырманға қуана жеткізген едік.

Енді міне, Доссор кенті әкімі аппаратының кентті көгалдандыру бағдарламасына сәйкес аудандық мәслихат депутаты, жергілікті кәсіпкер Әділбек Идиятовпен бірлескен жобасы негізінде жерді құнарландырып, 300 түп жасыл көшет отырғызды. Әділбектің бұл ісіне қолдау танытқан «Құрылысшылар» ауылының азаматтары: Сәкен Күмісбаев, Жомарт Сейітов, Дамир Кенжеғұлов, Әбілсейіт Тастаниязов, Дәурен Жалғасов, ағайынды Нұрлан Досжан және Ербол Нысанғалиевтар, Нұржан, Абылай білек сыбана көмектесті.

Көшеттердің бой түзеп, алып кетуіне, жалпы күтіп-бапталуын жергілікті азаматтар өз міндеттеріне алып отыр. “Жер-ана – асыраушымыз. Оған адал еңбек етіп, тер төккенде ғана оның қай­та­рымы болады. Барша ауылдастарымызды айналаны көгалдандыруға шақырамыз» дейді олар. Қазір күзгі көшеттерді егуге қолайлы кезең. Олай болса, іске сәт!

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521