Үйдегі бала мен бақшадағы баланың айырмашылығы бар

(0 Votes)

Мақат кентіндегі «Болашақ» балабақшасының ата-аналары үшін «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.

Онда балабақша меңгерушісі Нұргүл Амангелдіқызы ата-аналарға күн тәртібі бойынша қызметкерлердің жұмысын көрсетіп, балалармен ұйымдастырылатын іс-шаралардың өткізілу барысымен таныстырды.

Барлық топтардың ата-аналары күн тәртібімен танысты. Ата-аналар «қалалық балабақшаларда ақылы әртүрлі үйірмелер аптасына 1-2 рет ұйымдастырылады. Біздер балаларымызды қосымша үйірмелерге бергіміз келеді. Балабақшадан кейін кешқұрым болып кетіп, қатынаса алмай қалып жатады. Сондай ақылы үйірмелер біздің аудан балабақшаларында да ұйымдастырылса екен» деген ұсынысын білдірді. Балабақша меңгерушісі Нұргүл Амангелдіқызы мәселені жан-жақты ақылдасып, шешімін алғандығы жөнінде қосымша хабарлайтынын мәлім етті. Балабақшаның ата-аналар комитетінің төрайымы Ж.Макишева балабақшаға баратын бала мен үйдегі баланың айырмашылығы барын, жасына қарай әртүрлі сабақтар өтетінін мақтанышпен айтып, тәрбиешілерге ризашылығын білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521