Игі шаруа жалғасын табады

(0 Votes)

Мақат кентінің солтүстік шығысында орналасқан Ошақ атаның басына жұртшылық жиі барады.

Оның есімін құрметтеп, зиярат жасайды. Әулие Ошақ ата Құрманбайұлы өте қарапайым, елге ерекше қасиеттерімен сыйлы, дертке шалдыққандарды емдеп, мұқтаж жандарға мейірімді шапағатын тигізген киелі адам болған. Тұрғындар жыл сайын ата басына, түнек үйіне жөндеу жүргізіп айналасын тазалау жұмыстарын жүргізеді. Биыл да кент әкімдігінің қолдауымен «Тазалық көгал» серіктестігі қызметкерлерінің күшімен ата мазары, түнек үйлері әктеліп, айналасына тазалық жұмыстары жүргізілді. Халықта «Өлі жебемей, тірі байымайды» деген қанатты сөз бар. Осындай игі істер жыл сайын жалғасын таба бермек.

К.Исалиева,

Мақат тұрғыны.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521