Газет ұжымы «Алғыс хатқа» ие болды

(0 Votes)

Газет ұжымы қоғамның тыныс-тірлігін зерделеп, оқырманға жеткізуде белсенділік танытып келеді.

Баспасөз қызметінің заманауи шығармашылық идеялар мен креативті бастамаларын жүзеге асыруда әр саланың алғысын арқалап келетін ұжымымыз жақында облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы Б.Ақбалиевтің атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.

Еліміздің айбынды әскерінің ел алдындағы мәртебесін көтеру үшін аянбай қызмет атқарып жүрген баспасөз өкілдерін мақтан тұтып, мерзімді басылымда ақпаратпен байытып отырған ұжымға ризашылығын жеткізген «Алғыс хатты» аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор Ертуған Әміров редакцияға арнайы келіп табыстады. Ұжым қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасы амандығы мен шығармашылық табыс тіледі. Еңбегі еленіп, елдің алғысын арқалаған ұжым қызметкерлерін бұл марапат қанаттандырары сөзсіз.

Н.ЛЕНА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521