Футбол алаңы ашылды

(0 Votes)

Мақат кентіндегі Б.Төлекбаев көшесінде жаңа типті шағын футбол алаңы пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Тілек Нүрпейісов, ардагерлер мен тұрғындар қатысты. Ауылдан футбол алаңы ашылғанына қуанған жастар қонақтарды қошеметпен қарсы алды.

Жасөспірімдер бірнеше жылдан бері құмды жерде футбол ойнап келген. Енді міне, жасыл төсеніш төселді.

alan-1

Ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген Тілек Мұхтарұлы ауданда футболды дамыту мәселесіне көп көңіл бөлініп келетінін жеткізіп, соның нәтижесінде жас футболшылар республикалық турнирлерге қатысып, аудан намысын абыроймен қорғап жүргенін атап айтты.  «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы негізінде салынған нысанның құрылысын «Аслим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. 13 миллион 311 теңгеге салынған жаңа алаңның ұзындығы 40 метр болса, ені 23 метр. Жаңа алаңға жасанды шөп, футбол қақпасы, жанкүйерлерге арналған орындықтар қойылған.

alan-3

Алаңның ашылу салтанатындағы дәстүрлі лентасын аудан әкімінің орынбасары Тілек Мұхтарұлы мен ауданның құрметті азаматы Қаби Құлмұхамбетұлы қиды.

Ауыл ақсақалы Қаби Талпақов тұрғындар атынан ыстық ықыласын жеткізіп, ақ батасын берді. Елге тарту етілген спорт алаңын жақсы күйде ұстау ауылдықтардың міндеті екенін айтты.

alan-4

Футбол алаңының ашылған сәтінен соң жасөспірімдер ойын бастауға дайын болды. Жаңа футбол алаңындағы алғашқы ойынға доп қосу құрметіне аудан әкімінің орынбасары  Т.Мұхтарұлы ие болды. Кейін, ауыл жасөспірімдерінің арасында жолдастық кездесу өтті.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521