Форумнан ерекше әсермен оралдым

(0 Votes)

Еліміз тәуелсіздік алғанына 27 жыл ішінде озық дамыған елдер қатарынан ойып орын алып, мәртебесі асқақтауда. Елдің өркендеуі білімді, іскер азаматтардың қолында десек, олар елін сүйетін патриот болуы керек.

Жас мемлекетіміздің гүлденуіне Елбасымыз жастарды жұмылдырып, елжандылық қасиеттерін қалыптастыруға үндеп келеді. Ол үшін қазіргі жастарға елімізде барлық жағдай жасалып отыр. Елбасымыз Н.Назарбаев жастарды қолдап, елдің болашағы жастардың қолында деп, қанаттандырып отыруы, қоғамның болашақ локомотивіне деген зор үміт артуында. Біз - жастар бұл сенімнен шығуымыз керекпіз. Оған әрдайым мемлекет тарапынан қолдау да бар.

Осының бір дәлелі 2019 жылдың 23 қаңтары Қазақстан жастары үшін тарихи күні еді. Еліміздің түкпірінен 200-ге жуық ең белсенді ең ақылды, ең озық жастарының басын қосып, Елбасының қатысуымен Астана қаласына жастар жылының ашылу салтанаты өтті. Облыс атынан осы бір үлкен ауқымды жиынға қатысып қайту маған да бұйырды.

Елбасымыз жастар алдында көп нәрселерді саралап, жас Қазақстан 27 жыл ішінде көп жетістікке жеткенін оған қалай қол жеткізгенін атап өтті. Рухани жаңғыру аясында озық 30 мемлекет қатарына қосылу үшін тыңғылықты жұмыс жасауымыз қажет екенін де атап өтті.

Стартап жаңа технология ойлар, жаңа тың идеялар ортасы айналған шарада көп әсер алдым, қажетті мағлұматтар идеялар талқыланды. Рухани жаңғыру аясында еліміз бізден көп идеялармен, нақты жұмыс күтіп отыр.

Жастар жылының ашылуы мен үшін алдағы жұмыстарыма серпін берді. Қазақстанның гүлденіп көркейуіне өз септігіңізді тигізуге, ұшқыр ойды іспен дәлелдеуге бүкіл жастарды шақырамын дегім келеді.

А.СҮЙЕГЕНОВ,

Мақат локомотив пайдалану депосы локомотив бригадаларының резерв бөлімінің бастығы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521