Флешмобта кім мықты?

(0 Votes)

Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі ашық аспан астында «Ел ертеңі- өнерлі жастар» тақырыбында алғаш рет аудандық флешмоб сайысын өткізді.

Сайысқа ауданның 6 мектебі қатысып, жүзге жуық оқушылар мен студенттер белсенділік танытты. Шара оқушыларға колледжді таныстыра отырып, кәсіби білім алуға шақыруды мақсат етті.

Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әсия Қайыржанқызы сәттілік тілеп, аталмыш оқу орны студенттері флешмоб билеп, сайыскерлерді сергітіп алды. Бір-біріне мүлдем ұқсамайтын қимылдар жасап, өзгелерден ерек шығуға талпынған командалар тамашалаушылардың таңдайын қақтырды.

Жарыс өте қызықты да тартысты өтті. Қорытындысында І орынды М.Баймұханов атындағы орта мектебі командасы иеленіп, жеңімпаз атанса, ІІ орынға Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешені, ІІІ орынға С.Шарипов атындағы мектеп-интернаты ие болды. Сондай-ақ, М.Баймұханов орта мектебінің оқушысы Русланова Аяулым, С.Шарипов мектеп-интернатының оқушысы Амандық Аида, А.Құнанбаев орта мектебінің оқушысы Тоғжан Мажитова, Б.Қанатбаев орта мектебінің оқушысы Қарабаева Сандуғаш, Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің оқушысы Борисова Айсұлу «Үздік биші» номинациясымен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521