Фархат-чемпион

(0 Votes)

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы және Атырау облысы бокс федерациясы ұйымдастыруымен 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында бокстан Батыс аймақтық Қазақстан Респуликасының чемпионат алдында облыстық іріктеу біріншілігі өткен болатын.

Салауатты өмір салтын насихаттап, облыстық жасөспірімдер құрамасын іріктеуді мақсат еткен сайыс Бокстан мамандандырылған спорт клубында өтті. Жарысқа облысымыздың жеті ауданы және Атырау қаласының спортшылары қатысып, жиырма салмақ дәрежесі бойынша 100-ден аса жасөспірім бақ сынады. Олардың ең азы 30 келі болса, ең үлкен салмақ дәрежесі 70 келіге тең болды. Аталмыш жарыста Доссор кентіндегі балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің боксшылары аудан намысын қорғап қайтты.

Өңіріміздің мықтыларын анықтайтын жауапты додада Махамбет Нұрдаулет және Қайратұлы Жансерік бабы мен бағы келіспей жүлдесіз қалса, Аманжанов Сағындық 42 келі салмақ дәрежесінде ІІІ дәрежеге қол жеткізді. Ал, Мұратов Фархат 48 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Қарсыласын шақ келтірмеген боксшының бұл жолы мерейі үстем болды. Осы жарыс арқылы Фархад Батыс аймақтық Қазақстан Респуликасының чемпионатына жолдама алды. Жауапты майданда былғары қолғап шеберіміз ешкімге есе жібермесе, мықтылардың қатарына қосылмақ. Әзірше, мақтанышымыз қызу дайындық үстінде. Өлкемізде жақсы дамып келетін бокс спортының бапкері Сәндібек Сақтанов осындай жеңімпаздарды дайындауда.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521