«Фариза - поэзия падишасы»

(0 Votes)

Аудандық тарихи-өлкетану музейінде  ақын, ҚР-ның Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай «Поэзия падишасы» атты сайыс өтті.

Жыр додасы оқушыларға ақынның өлеңдерінің мазмұнын терең ұғындыруға, сөз өнерін қастерлей білуге шақыруды мақсат етті.                                                                                  Сайысқа А.Құнанбаев және Б.Қанатбаев атындағы орта мектептердің 7-8 сынып оқушылары қатысты. Олар үш кезең бойынша өнерлерін паш етті.

3

Алғашқы «Өлең, мен сені аялап өтем…» кезеңінде қатысушылар ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. Кезекті  «..Не деген керемет ең!» кезеңінде оқушылар ақынның сөзіне жазылған әндерді орындады. Соңғы «Сұрақ-жауап» кезеңінде қатысушылар ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттайтын бейнеролик тамашаланды.

1

Тартысты өткен  сайыс қорытындысында Б.Қанатбаев орта мектебінің оқушылары жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ,  көрермендердің ерекше ықыласына бөленген оқушылар жекелей алғыс хатпен марапатталды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521