Этиканы қатаң сақтаймыз

(0 Votes)

Мемлекеттің бүгінгі күнгі мәселесінің бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Бұл бағытта біз заң талаптарын қатаң сақтаймыз. Тұрғындардың арыз-шағымдарын және көрсетілген мемлекеттік қызметтерге ұсыныс салуға арналған жәшіктер ілінді.

Қызмет этикасын бұзу деректерін тіркеу журналдары бар. Бөлімде 6 мемлекеттік қызметкердің арасында сыбайлас жемқорлық әрекеттерге қарсы күрес жүргізуіне ықпал ету мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Іс жүзінде бір қызмет атқаратын мемлекеттік органның қызметі ғана қоғамның экономикалық дамуына үлес қосады. Басқару жүйесін қорғау, оған қылмыстық қол сұғуды болдырмау - ең маңызды мәселе. Сыбайлас жемқорлықпен күресу - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің басты міндеті. Ал осыны шынайы орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан-дүниесін таза, адал ұстауы тиіс. Сонда ғана халықтың сенімін ақтап, қоғамның дамуына үлес қосқан болар еді.

С.САРБАЛИЕВА,

аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521