Есімдері ел есінен кетпейді

(0 Votes)

Мақат аудандық мемлекеттік архивінде «Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, «1941-1945» жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін, «Еңбекте үздік шыққаны үшін», Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі.

«Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері», ауданның Құрметті азаматы Бержан Үсенұлы Қанатбаевтың 100 жасқа толуына және «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Еңбек ардагері», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің елу жылдығы» иегері Көпкенова Сәнді Оразқызының 91 жасқа толуына орай «Мерейлі абзал жандар» атты архивтік көрмесі өткізілді.

Осы шараға Бержан Қанатбаевтың інісі Қанатбаев Жеңіс, жұбайы Даулетова Маржан және Көпкенова Сәнді Оразқызының баласы Утеуов Темір ағай және Доссор кентінің Абай мектебінің, Б.Қанатбаев атындағы мектебінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, жастар тәрбиесіндегі басты ұстаным сөз бостандығын, пікір бостандығын сездірту, олардың ұстанымдарымен санасуға жетелейтін шара барысында ардагерлер туралы естеліктер бөлісіп, ел игілігі жолындағы істері өскелең ұрпаққа насихатталды.

Ә.МҰРЗАҒАЛИЕВА,

архив басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521