Ешкім де елеусіз қалмайды

(0 Votes)

«Қарты бар елдің қазынасы бар» деп халық бекер айтпаған.

Қарияны құрметтеу, олардың өткенін ұлағат ету – қазақтың қанына сіңген қасиет. Халықаралық қарттар күніне орай жалғызбасты қарттар мен жағдайы төмен зейнеткерлерге аудан әкімі Жұмабай Ғаббасұлының атынан азық-түлік және құттықтау хат табыс етілді. Сондай-ақ, Доссор кенті әкімі Ербол Ермағамбетов және ардагерлер кеңесінің төрағасы Есенжан Төлешқалиев зейнеткерлердің үйлеріне барып құттықтау хат пен сыйлықтар табыс етті. Ардагерлерге денсаулық, ұзақ әрі қуанышқа толы ғұмыр тіледі. Ақ жаулықты аналар мен ақсақалды аталардың көңілдерін бір серпілтіп, қоғамға керек жандар екенін сезіндірсе, қариялар азаматтарға ақ батасын берді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521