Ертеңгілік қызығы

(0 Votes)

Жаңа жыл – бүлдіршіндердің жыл он екі ай күтетін мерекесі.

Жаңа жыл кешінде келер жылға бір арманның дәнін себеді. Сол мақсат жыл бойы үмітпен алға жетелеп отырады.

Осындай сезіммен жаңа жыл мерекесін асыға күткендердің қатарында «Болашақ» балабақшасының «Болашақ» тобының бүлдіршіндері бар. Тәрбиешілері Динара Зейноллақызы мен Мерей Жұмабекқызының өткізуімен бүлдіршіндерге жаңа жыл мерекесіне арналған шарада балалар түрлі кейіпте киініп, ертегілер еліне саяхат жасады. Қыздар ақшақар биін билесе, ұлдар орман аңдары биін билеп, ата-аналар мәз болып, бір марқайып қалды.

Балалар Аяз атаға тақпақтарын айтып, сыйлықтарға ие болды. Балалардың қуанышында шек болмады. Келер жылдан тілек тілеген балалар мерекені есте қаларлықтай өткізді.

Ж.БАЯН.

ата-ана.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521