Ерлік білекте емес, жүректе!

(0 Votes)

Ауған шекарасында жүріп қыршыннан қиылған боздақтар мен көзі тірі интернационалист-жауынгерлерге деген құрмет арта түспесе, кеміген жоқ.

Аудандық орталық кітапханада ауған соғысы туралы ақиқатты жас ұрпаққа жеткізу, интернационалдық борышын өтеу жолында жерлестеріміздің ержүрек ерліктерін дәріптеу мақсатында «Ауған соғысының жаңғырығы» тақырыбымен көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай жарық көрген А.Ә.Ермекованың «Ауған соғысындағы Атыраулық жауынгерлер шежіресі» кітабы оқырман назарын аударды.

Әрине, «Ерлік білекте емес, жүректе». Олар Отанға деген шын сүйіспеншілігімен әскери антына адал болды. Оқ пен оттың астына Отанының тапсырмасымен барды. Ел үмітін ақтады.

Көрмеге ауғанстандағы шайқаста ерлікпен қаза тапқан және сол соғыста аман қалған жерлес жауынгерлер туралы деректі материалдар, оқиғалардың куәгерлері мен қатысушылардың фото-суреттері қойылды.

Т.ЕРТІЛЕУОВА,

әдіскер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521