Елдікке құрмет

(0 Votes)

Тұңғыш Президент күніне орай Доссор мәдениет үйінде «Елбасы күні – елдікке құрмет мерекесі» атты мерекелік шара өтті.

Елбасына және оның өлшеусіз еңбегіне көрсетілген зор құрмет. Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев барша доссорлықтарды мемлекеттік маңызы зор мерекемен құттықтады. Аудандық мәслихат хатшысы Қуаныш Исмагулов және Доссор кенті әкімі Ербол Ермағамбетов Елбасының ел тарихында алатын ерекше орны мен оның сарабдал саясаты арқылы аз ғана уақытта мемлекетіміздің қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды.

Өңіріміздің өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосқан бірқатар сала үздіктері шара барысында Алғыс хатпен марапатталды. Атап айтсақ, аудан әкімі Ж.Қарағаевтың алғыс хатына Доссор селолық емханасының учаскелік қызметінің аға мейірбекесі Құттыбаева Нұргүл, аудандық коммуналдық мемлекеттік архивінің қызметкері Шихиева Ақмарал, Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің аға шебері Иманалиев Төлеуіш және аудандық мәслихат хатшысының алғыс хатына Пәтер иелері кооперативінің басшысы Құспанов Теміржан, «Доссормұнайгаз» МГӨБ-ның операторы Дюсенғалиев Асхат және Доссор кент әкімінің алғыс хатына «Доссормұнайгаз» МГӨБ-ның операторы Тоқсанова Үміт, О.Сарғұнанов орта мектебінің мұғалімі Рахымова Дария, Доссор мәдениет үйінің қызметкері Бисаханова Гүлжан ие болды. Шара соңы мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Мерекелік кеш «Елім менің» әнімен қорытындыланды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521