ДОССОР – мұнай бұрқақтарының отаны

(0 Votes)

Ауданның құрылғанына 95 жыл толуына орай материалдарды жинақтау барысында Алматы қаласындағы «Қазақстан» баспасынан 1965 жылы шыққан «Социалистическое становление нефтяной Эмбы» атты құжаттар мен материалдар жинағы қолыма түсті. Оны бүгінде өлкетану жұмыстарымен айналысып жүрген ауданның құрметті азаматы Орақ Деңгелбаев ағамыз әкеліп берді.

Кітапты парақтай отырып, Доссор мұнайын өндіру, мұнайшылар жайы, ауданның ахуалы туралы біраз мәліметке қанықтым.

Архивтік деректер негізінде нөмірленген №128 құжатта КирОбКомның партконференциясында өнеркәсіпті өркендету жайы талқыға салынады.

1924 жылдың 30 декабрінде өткен конференцияда Урал губерниясындағы Доссор мұнай өндіру промыселі кәсіпорынның базасы бола тұра, оған жергілікті жердің кадрлары өте нашар тартылғаны баса айтылады. Сол себепті бұл бағыттағы жұмыстарға жан бітіріп, қысқа мерзімді курстарға жергілікті жердің тұрғындарын оқыту арқылы промыселге белсенділерді тарту қажеттілігі алдағы кезекте тұрғандығы негізгі мәселе қатарында көтерілген.

Толығырақ газетіміздің №7 санынан оқи аласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521