Дүкен адалдыққа шақырады

(0 Votes)

Білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту мақсатында аудандық білім беру бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында «Integrity Shop» адалдық дүкені ашылды.

Адалдық дүкенінің мақсаты –жастарды адалдыққа тәрбиелеу, олардың өз-өзін сынауына мүмкіндік беру. Білім ордаларында ашылған дүкен сатушысыз жұмыс істейді. Мұнда дәптерлер, блокноттар, папкалар және басқа да кеңсе заттары сатылады. Сатып алушы өзіне керек затты алып, арнайы кассаға ақшасын қалдырып, қажет болса қайтарым ақшасын ала алады. Осылайша, «Адалдық дүкені» оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін шыңдайтын орынға айналмақ.

Б.ЕМБЕРГЕНОВА,

аудандық білім беру бөлімінің маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521