Болатбек Сәрсен – Мақат кентінің әкімі

(0 Votes)

Аптаның дүйсенбісінде аудан әкімдігінде кадрлық өзгертулер болды.

Бұл күні аудан әкімі Жұмабай Қарағаев жаңадан тағайындалған Мақат кентінің әкіміне зор сенім артып, қызметіне сәттілік тіледі.

Мақат ауданы әкімінің 2018 жылғы 16 қараша №394-ө өкіміне сәйкес Мақат кенті әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Сәрсен Болатбек Амандықұлы 1983 жылы Мақат кентінде дүниеге келген. Білімі – жоғары.

2001-2006 жылдар аралығында Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде «Жобалаулы автоматтандыратын жүйелері» мамандығы бойынша білім алған.

Алғаш еңбек жолын 2006 жылы Мақат кентінде «ЛТД-Энергетик» ЖШС ІІ дәрежелі инженер-жобалаушы, жобалау сметалық бөлімінің бастығы, өндірістік техникалық бөлімінің бастығы, кейін 2009-2014 жылдары осы серіктестіктің директоры лауазымын атқарған.

2014-2018 жылдары Мақат кентінің әкімі. 2018 жылдың ақпан айынан бастап қазан айы аралығында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымын атқарды. Отбасылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521