Болашақ кәсіпкерлер жәрмеңке ұйымдастырды

(0 Votes)

«Бастау бизнес» жобасының қатысушыларының ұйымдастыруымен аудан орталығында алғаш рет жәрмеңке өтті.

Әр аптаның бейсенбісінде ұйымдастырылатын ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесінде болашақ  кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынды. Қазіргі таңда аудандық кәсіпкерлер палатасы жанынан өз кәсіпкерліктерін дамытуға ниет білдірген 68 адам «Бастау» бизнес жобасында білім алуда. Жиырма бір күндік оқу аяқталған соң, олардың өз кәсіптерін ұсынып, жеңілдетілген несиелер мен грантқа ие болу мүмкіндігі бар.

img_1048

Сәрсенбі күні Доссор кентінде және бейсенбі күні Мақат кентінде жәрмеңкеде болашақ кәсіпкерлер өнімдерін халыққа қолжетімді бағада ұсынды. Онда қолөнер бұйымдары, ұннан жасалған өнімдер және тәтті тағамдар сатылды.

img_1055

Жәрмеңкеге жиылған жұртшылық қалаған өнімдерін сатып алды. Қолжетімді бағамен тауар алушы тұрғындар болашақ кәсіпкерлердің алғашқы қадамдарына  сәттілік тілеп те жатты.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Cуреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521