Бірқатар мәселені бір қамтыды

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Ерғазы Жоламановтың төрағалығымен аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңеске аудан әкімі аппараты, аудандық бөлім, мекеме басшылары, орталық мешіттің бас имамы және өзге де шақырылған лауазым иелері қатысып, күн тәртібінде ардагерлердің хал-жағдайлары, жастардың дінге көзқарасы, жалпы аудандағы дін ахуалы, қоғамдық тәртіп мәселесі сияқты өзекті тақырыптар қамтылды.

i

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Халенов жастар тәрбиесі, еңбекке баулу, жанұя тәрбиесі, қоғамдық тәртіп пен тазалық мәселелері ардагерлер ұйымының басты назарында екенін атап өтсе, Мақат АПБ-нің тергеу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі А.Карин қабылданған шаралардың нәтижесінде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар саны былтырғы жылмен салыстырғанда - 16,3%-ға (80-нен 67-ге) немесе 13 фактіге азайғандығын тілге тиек етті.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бекітуімен садақаны өткізу тәртібі және дастарханға қойылатын ас мәзірі әлі күнге аудан тұрғындарының қаперіне кірмей отырғанын орталық мешіттің бас имамы Дәурен Нұржанұлы қынжыла баяндап, барлық алдыңғы аға буынның осы істе бірлесіп іс атқаруына өтініш жасады.

Күн тәртiбiне енгiзiлген барлық мәселелер қаралып, ұсыныстарды іске асыру іс-шаралары бақылауға алынды.

А.Садыков,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521