Білім алудағы басты көрсеткіш – нәтиже

(0 Votes)

Әдеттегідей Елбасының Жолдауын зор қуанышпен қабылдадым. Мен «Педагогтардың мәртебесі туралы» Заң қабылданатын жағдайда көп нәрсе өзгереді деп сенемін.

Өйткені, педагогтардың мәртебесі айқындалатын болса, мектеп мұғалімдері және мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері де ынталандырудан жақсы нәтиже шығаратын болады. Бұл Жолдаудан «Педагогика саласының қызметкері ретінде, әрине, бюджеттік сала өкілдерінің жалақысы 35%-ы өсетіні туралы жаңалықты да әріптестерім қуана қарсы алды. Сонымен бірге сабақ процесі, оның мазмұны мен нәтижелілігіне молырақ мән беріледі деп сенеміз. Өйткені, Елбасы атап өткеніндей, мұғалімдердің қоғамдық жұмысы көбейіп, сабақ, оқу процесі екінші орынға ығысқан жағдайда болашаққа өз әсерін тигізбей қоймайды.

Сондай-ақ, білім саласында реформа көбейіп, нақты іс азайып кеткенге ұқсайды. Сол себепті де, жағдай жақсарған сайын білім нәтижесі де жоғары көтеріле беруі тиіс. Назарбаев зияткерлік мектебінің озық тәжірибесі орта білім беру саласында да қолданысқа енгізілуі заман көшінен қалмауға себеп болары сөзсіз. Біздің ауданымызда үш ауысыммен оқитын мектеп жоқ. Мектептердің бәрі де жаңарған. Материалдық-техникалық база да жыл сайын жақсарып келеді. Сондықтан біздер, мұғалімдер өзімізге тиесілі уақыт ішінде шәкіртке заманына сай сапалы білім, саналы тәрбие беруіміз қажет.

Амангүл ҚҰМАРОВА,

Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521