Қауіпсіздік – басты шарт

(0 Votes)

11-15 ақпан аралығында «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясы өткізілді.

Мақат АПБ-нің ЖПҚб-нің ювеналдық полиция тобымен «Есептегі элемент» есебінде №144 санатымен есепте тұрған жалпы 18 тұлғаның тұрғылықты мекен-жайлары тексерілді.

Тексеру кезінде аудандық білім беру ұйымының өкілі Қ.Ғиниятова, аудандық газ шаруашылығының өкілі Ж.Сарбалиев, А.Утегенов, төтенше жағдайлар бөлімінің өкілі Ө.Салимов, М.Хасанов және тұрғын үй инспекциясының өкілі М.Саламатов, О.Хайруллин болып, тұрғын жайларды тексеріп, олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Үй иелерінің төтенше жағдайлар мен оқыс оқиғалардың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, оларға ескертулер берілді. Тексеру барысында 6 үйден түсініктеме алынды. 7 үйге акт жасақталды, бейнекамера, фотосуреттерге түсірілді.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарына төтенше жағдайлармен оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында мектеп оқушыларына және колледж студенттеріне түсіндірме дәрістері өткізілді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі түрде орындалуы қатаң бақылауға алынуда.

К.СЕРІКБАЕВА,

ЖПҚб-нің КТІЖ инспекторы полиция аға лейтенанты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521