«Аналар кеңесі» – ізгі істердің ұйытқысы

(0 Votes)

Өткен аптада Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Әйел саулығы – ұлт саулығы!» атты мүмкіндігі шектеулі аналар және ерекше балалардың аналарына арналған рухани кеш өтті.

Кездесуді жүргізген Доссор кенті әкімінің орынбасары Гүлнар Ерғожиева ассамблея атынан аналарға арналған «Алғыс хаттар» табыстап, ықылас гүлдерін сыйлады. «Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреу даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Шыр етіп сәби дүниеге келген уақыттан бастап ата-ана алдында нәзік те, қиын қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі», - деді өз сөзінде Г.Ерғожиева.

Кездесуге қатысушы аналар балаларының сырқаттарын айтып, қызықты оқиғаларымен бөлісіп, бір-біріне қолдау танытты. Көңілді шара аясында өздеріне арнап жайылған дастарханнан дәм татып, пікірлерін ортаға салып, бір сәт болса да, дерттерін ұмытып, жүзіне қуаныш үйірілді. Кездесу соңында өмір өткелдеріндегі қиындықтармен мойымай күресе білетін, қандай тауқымет көрсе де, оны жеңе білетін абзал аналарға құрмет-қошемет көрсетілді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521