Жүктеме 10 пайызға азайды

(0 Votes)

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері аудан тұрғындарымен кездесіп, салық және кеден заңдылықтарындағы өзгерістер мен толықтырулар жөнінде түсінік берді.

i

i

Облыстық мемлекеттік кірістер Департаменті түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Нұрболат Сарманов салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды егжей-тегжей баяндап берді.

Жиын барысында «Қазақстан-2050» стратегиясына сай салық жүйесіне қолайлы салық режимін енгізу, салықтан жалтару жолдарын іздеуге емес, бәсекелестікке ынталандыру, салықтық несилендіру практикасын енгізу және онлайн - электрондық есептілік режіміне көшу, сондай-ақ, салықтық әкімшілендірудің принциптері айтылды. Биылғы жылдан бастап салық салынатын қызметкердің табысы 90 пайызға азайды. Бұл салық жүктемесін 10 есеге төмендегенін көрсетеді. Салық кодексінде шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолданыстағы арнайы салық режимдері сақталған. Әлеуметтік салықтың мөлшері 11 пайыздан 9,5 пайызға төмендеген. Енді кәсіпкерлер кәсіп ашқанда тіркеліп әуре болмай, салық органына кәсіп бастағаны туралы хабарласса болғаны. Кәсіпті қайта тіркеу үшін де солай. Хабарламаны алған қызметкер бір жұмыс күнінде кәсіпті қайта тіркеуге міндетті. Сондай-ақ, еңбекақы төлеу қорына жүктемені төмендету үшін салынатын әлеуметтік салықтан шаруа қожалықтардың басшылары, мүшелері және қызметкерлері босатылды.

2020 жылдан бастап шағын және орта бизнес үшін талап қою мерзімі 5 жылдан 3 жылға қысқартылады. Ал, кеден кодексінің жаңа бағыты бойынша декларациялау мен бақылау уақыты қысқартылған. Декларациялау уақыты 24 сағаттан 4 сағатқа дейін, жалпы бақылау жұмысы он күннен бес күнге дейін азайды. Бұл кодекс бойынша елімізге шетел көлігін 1 жылға уақытша әкелуге мүмкіндік бар. Бұрын бұл мерзім 6 ай уақытпен шектелген болатын. Жиналыс соңында мамандар салық төлеушілердің толғандырған сауалдарына жекелей жауап берді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521