Мақаттық тігіншілер тегін бетперде таратуда

(0 Votes)

Қашықтықтан қызмет жасау уақытын пайдаланған аудандағы «Нұрбөбек» балабақша тәрбиешілері ҚХА Аналар кеңесі мүшелерімен бас қосып, бір күнде 120 дана бетперде тікті. Тігілген бетперделерді ауданның «Asar» ерікті тобы көмегімен мүмкіндігі шектеулі азаматтар отбасына, көп балалы отбасыларға және көшеде қызмет жасап жүрген азаматтарға тегін таратылды.

Сондай-ақ, ауданға қарасты Доссор кентіндегі «Шапағат нұры» мүгедектерді қорғау шеберханасының басшысы, ҚХА «Аналар кеңесінің» белсенді мүшесі, жас кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі азаматшалардың көмегімен жүзге жуық бетперде дайындап, ақысыз таратуды жоспарлап отыр.

91785636_875990532845360_5521347159573659648_o

Мақат аудандық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Күлпәш Әділбекқызы, бұл тек бастамасы дейді. Қазіргі уақытта үйінде тігін машинасы бар қыз-келіншектерге де бетперде тігуге ұсыныс беріліп жатыр.

91849937_875990679512012_125388864377323520_o

Оларға Аналар кеңесі мүшелері өздерінің қаражатына құралдарын алып беретін болады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521