Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. 8 (712) 393 0766 makat70@mail.ru

Тұрғын үй мәселесі толғандырады

Өткен аптада аудан әкімі Жұмабай Қарағаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келушілердің негізгі тілек-өтініштері тұрғын мекен жай алу, тұрақты жұмысқа тұру мәселесіне қатысты болды.

Мақат кентінің тұрғыны өзінің жеке тұрғын үйі жоқ, бүгінгі күні әкесінің үйінде тұрғандықтан, бөлек тұрғын үй алуға көмек сұрады. Оның өтініші ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, санатқа сай келсе, меншігінде жылжымайтын мүлік анықталмаса, аудандық "Халыққа қызмет көрсету орталығы" арқылы тұрғын үй кезегіне тіркелуге құқылы екендігі түсіндірілді.

Тұрғын үй мәселесімен келген тағы да бір өтініш білдіруші өзінің мекен жайын комиссия апатты деп қорытынды жасағанын алға тартты. Қойылған мәселе де заң талаптарына сай шешімін табатыны мәлімделді.

Ал, тұрғын үй кезегінен белгісіз себептермен шығып қалған тұрғынның кезекке қою мәселесін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Айжарықовқа реттеу тапсырылды.

-Сізге пәтер жаңа құрылыс іске қосылғасын мемлекеттік тұрмыстық қорынан белгіленген тәртіп бойынша кезекке сәйкес бөлінеді деп жауап берді аудан басшысы. Қабылдауға жазылған тұрғындардың көпшілігін тұрғын үй мәселесі толғандырғандықтан да, оларға қолданыстағы заң талаптары егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Барлық қабылдауға келген жандардың өтініштерін мұқият тыңдаған Ж.Қарағаев олардың мәселелерін шешу жолдарын ұсынып, нақты жауаптар беріп, осы салаға жауапты қызметтердің басшыларына заң талаптарына сәйкес көмек көрсетіп, берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалап отыруды жүктеді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ,

Суретті түсірген:А.ТАУМҰРЫНОВА.

Super User

Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?