Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Бейқамдық – автокөліктегі өртке себеп

Қоғамдық көліктер қызметін пайдаланатын адамдардың таңертең үйінен шығып жұмысқа, жұмыстан шығып үйіне немесе басқа да жұмыстарымен жүру жолындағы өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі көлік жүргізушілерінің тізгінінде.

Көлік құралдары – қымбат әрі күрделі де қауіпті механизм. Көптеген жүргізушілер автокөліктерде болған өрт оқиғасын өздерінің бейқамдығы мен немқұрайлы салдарынан өз бастарына келмейді деп ойлайды. Алайда, электр желілерінің, жанар май, синтетикалық материалдардың оңай тұтанып, тез жанатынын ұмытпаған жөн.

Көлік құралдарындағы өрт пен адам қазасының алдын алу мақсатында көлікте міндетті түрде болуы тиіс үш маңызды затты естеріңізге салғымыз келеді: медициналық дәрі-дәрмектері бар аптечка, алғашқы өрт сөндіру құралы және синтетикалық емес жапқыш. Көліктердің жануы мен өртенуінің басты белгілері мынадай болуы мүмкін: Түтіннің немесе резеңкенің жанған иісі; Жанып жатырған жерден түтіннің шығуы; Қарсы келе жатырған көлік жүргізушісінің белгі беруі.

Өрт бола қалған жағдайда не істеу керек?

Тез арада жол жиегіне шығып, көшеде келе жатырған адамдар мен басқа көліктерден алыстау жерге тоқтап, қол тежегішке қойыңыз. Автобустан тез шығып, салондағы жолаушыларды түсіріңіз. Лезде 101 немесе 112 нөмірі арқылы өрт сөндіру қызметіне хабарлаңыз. Естеріңізге сала кетейін, 101 немесе 112 нөмірлеріне телефон соғу тегін. Өрт сөндіру қызметіне өрт жөнінде хабарлаған кезде не өртеніп жатырғанын және нақты мекен жайын түсіндіріп айтыңыз. Адамзат тарихында «Өрт пен су – тілсіз жау» деген ұғым қалыптасқан. Алайда, өрттің шығуына себеп болатын адами фактор екенін ескерсек, өрт қауіпсіздігі шараларын орындай отыра оның алдын алуға болатынын ұмытпаған жөн.

С.ЕЛЕУБАЕВА,

ТЖБ бас маманы, а/қ майоры.