Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Жемқорлыққа қарсылық іспен дәлелденеді

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресудің аса маңыздылығын атап, сыбайластыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша шараларды қолдану туралы тапсырмалар берді.

Осы орайда, өткен аптаның жұмасы күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою туралы жиын өткізілді.

Жиынға аудан әкімі Жұмабай Қарағаев төрағалық етіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департамент басшысының орынбасары М. Данияров, департаменттің оңтүстік аймағы бойынша бөлім басшысы Р.Кұлбалиев және дербес бөлім басшылары мен кент, округ әкімдері, мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған Мұрат Данияров «сыбайлас жемқорлықтын алдын алу» бағытында ескерту, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Статистикаға сүйенсек, биылғы жылы облыста сыбайлас қылмыстық істер азаймай тұр. Былтырғы жылы 123 іс тіркелген болса, биыл 128 сыбайлас қылмыстық іс тіркелген. Жиын барысында мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары туралы баяндаған департаменттің оңтүстік аймағы бойынша бөлім басшысы Р.Кулбалиев аудан бойынша сыбайлас жемқорлық бойынша құрықталған мемлекеттік қызметшілерге тағайындалған сот шешімдерімен таныстырып өтті.

Арнайы дайындалған бейнеролик арқылы облыс көлемінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерімен ұсталып, дәлелін тапқан істермен айыпталушылар қатысушылар назарына ұсынылды. Жемқорлыққа қарсылықты іспен дәлелдеуге мүмкіндік зор. Ол – қылмыстан алшақ болу.

А.МАСАТҚЫЗЫ.

Суреттер автордікі.