Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Байбалам салған бәлеге жолығады

Өрт – қашан да қасірет. Алайда, өрт кезінде әрекет етудің қарапайым тәртібін барлығы бірдей біле бермейді.

Тіпті бала кезден таныс «101 немесе 112 нөміріне соғыңыз» қағидасы байбаламда естен шығып кетеді. Міне Сіздерге қиын жағдайда көмектесетін бірнеше ең қарапайым кеңестер:

Өрттің басым көпшілігі тұрғын үйлерде орын алады. Себептері әдетте бір – тот басқан коммуникациялар, ақаулы электр желілері, рұқсат етілмеген жерлерде темекі тарту және қараусыз қалдырылған электр құралдары. Егер Сіздің немесе көршіңіздің үйінде өрт шықса, әрине ең алдымен «101» телефонына қоңырау шалыңыз да өрт сөндіру қызметін шақырыңыз, ал егер де абдырап есіңізден аталған байланыс нөмірі шыққан жағдайда: Тұрмыстық электр құралдары жана бастаса, тоқтан ажыратуға тырысыңыз, теледидар жанса – ең алдымен, тоқ көзіне қосылатын бөлшегін (вилка) розеткадан шығарып алыңыз немесе электр қалқаны арқылы пәтерді тоқтан ажыратыңыз. Естеріңізде болсын! Жанып жатырған теледидар көптеген улы заттар бөледі, сондықтан бөлмеден адамдарды шығаруға тырысыңыз. Ауа келуін тоқтату үшін теледидарды кез келген тығыз матамен жабыңыз. Бұл көмектеспесе, артқы жағындағы тесік арқылы су құйыңыз. Бір жақ жанында тұрыңыз: кинескоп жарылуы мүмкін. Барлық терезелер мен желдеткіштердің заттармен, ескі жиһаздармен, макулатуралармен басқа да заттармен бөгеттеуге болмайды. Не істеу керек?

Май жанса (қазанда немесе табада), газ бен электр қуатының келуін тоқтатыңыз. Жалынды өшіру үшін табаны немесе қазанды қақпақпен, дымқыл шүберекпен жабыңыз, май суығанға дейін тұрсын. Әйтпесе от қайтадан тұтанады. Қолыңызды оттан қорғау үшін қатты маталы шүберек (мұндай шүберек асүйде міндетті түрде болуы қажет) жауып алыңыз да, отқа ауаның келуін тоқтату үшін аса сақтықпен жанып жатырған заттың үстіне жаба салыңыз. Жанып жатырған май еденге немесе қабырғаға түссе, оны өшіру үшін оттың үстіне себу арқылы кез келген жуу ұнтағын пайдаланыңыз (ұнтақты өрт сөндіру құралы ретінде).

Пеш қатты қызып кеткен кезде алдымен оны сөндіріп, содан соң бұрамаларын (спираль) дымқыл шүберекпен жабу керек. Балкондағы барлық заттарды қалың футляр немесе металды жәшіктерде сақтаған жөн. Сондай-ақ, балконда өздеріңіздің қауіпсіздіктеріңіз үшін құм салынған шелек ұстауыңызға ұсыныс білдіреміз. Жоғарыда келтірілген қарапайым ережелерді қиын жағдайда уақтылы әрі ұқыпты пайдаланып, өз өміріңіз бен денсаулығыңызға, дүние-мүлкіңізге төнген қауіпті жеңе аласыз деген сенімдеміз!

С.ЕЛЕУБАЕВА,

ауданның ТЖБ бас маманы, а/қ майоры.