Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Ел тұрақтылығы отбасынан басталады

Исламның теріс ағымдар мен радикалды экстремизмнен айырмашылығы, дінді жамылып, халықты адастыратын жалған ұйымдардан сақтандыру.

Осындай өзекті мәселелерді қамтыған кездесу мұнайшылар арасында өтті. Оған «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының теологы Ш.Темірқұлұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері Л.Бексұлтанова және Шығыс Мақат кен орнының жұмысшылары қатысты.

Діни ағымдардың таралуының алдын алу, теріс ағымдардың зиянды тұстарын түсіндіру және оған қарсы тұратын иммунитет қалыптастыруды мақсат еткен кездесуде «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теологы Ш.Темірқұлұлы деструктивті діни ағымдардың қызметі жайлы мәліметтерге көңіл аудару азаматтық міндетіміз деп атап өтті. Деструктивті діни ағымдардың қызметі тек жеке азаматтардың өміріне ғана зиянын тигізіп қоймай, еліміздің ішкі тұрақтылығы мен ұлтаралық және конфессияаралық келісім саясатына да зардап келтіруде.

Елімізде адамның әлеуметтік өмірі мен негізгі әлеуметтік институттарға кесірін тигізіп отырған бұл ағымдардың қызметіне тыйым салынған. Сенушілердің санасын улап, оларды өз қатарларында ұстауда психологиялық тәсілдерге жүгінетін жат ағымдардың қызметіне тосқауыл қою – әлеуметтің саулығы үшін маңызды мәселе. Осы себепті халықты деструктивті діни ағымдардан сақтандыру қамында аталмыш ағымдардың жұмыс істеу амалдарын, әлеуметтік және отбасылық өмірге келтірер зардаптарын деструктивті діни ағымға баулудан бастап түсінік берді . Кез келген жерде ислам дінін басқа бағытта насихаттауды түсіндіргендер болса, заң органдарына хабарлау сұралды.

Қауіптенгендер болса, орталыққа жолығулары орынды. Сол жерде дінге бет бұрған азаматпен арнайы әңгімелесу арқылы ұстанған бағытының дұрыс-бұрыстығын айқындайды. Кездесу барысында қатысушылар маманға өз тарапынан дін мәселесінде толғандырып жүрген сауалдарын қойды.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.