Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Дінді түсінбеген дүрмекке ілеседі

Аудан әкімдігінде облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығы «Зайырлылық және дін – біртұтас қоғам» тақырыбында семинар өткізді.

Оған аудандық ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері мен мемлекеттік қызметшілер, мұғалімдер қатысты. Семинар барысында облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының басшысы Мейірбек Құбышев тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, ұлттық рухани және діни құндылықтарды насихаттаудағы орталықтың жұмысы туралы баяндамасын жасады.

«Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теологы Ш.Темірқұлұлы «Зайырлы қоғамдағы діннің рөлі» жөнінде дәріс оқыды. Сондай-ақ, ақпараттық-консультативтік орталық жанында қызмет ететін «Қауырт желі - 114» жобасы дін істері агенттігінің тапсырысы жүзеге асырылды.

Мұның басты мақсаты – азаматтар мен ұйымдардан діни салаға қатысты барлық мәселелер бойынша ақпараттарды қабылдау, сонымен бірге психологиялық көмек көрсету болып табылатынын айтып өтті.

Азаматтар желіге жақындарының түсініксіз діни ойларды қабылдауға мәжбүрлеген болса, көшелерде діни кітаптардың таратылып жүргені белгілі болса, телефон шалса, теологтар, психолог, заңгерлер сұрақтарына жауап береді. Семинарда «Діни экстремизмнің алдын алу жолдары» жөнінде орталықтың Оңалту жұмыстарын үйлестіру бөлімінің маманы А.Мағазов бейнетақта арқылы кеңінен түсіндірді.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Суреттер автордікі.