Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
«Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді!» дейді қазақ. Әсте, ұлтына ұланғайыр еңбек сіңіріп, елінің ертеңі үшін өлшеусіз тер төккен азаматтарға арнаса керек мұндай сөзді. Алғыс сезімінен туған аталы сөз Алаштың алыстағы арманын нақты жақындата білген өзіңізге де арнау сәті дәл бүгін туып отырғандай. Өйткені, таразы басына халықтың сізге деген ілтипаты мен рахметі және Сіздің қарапайымдылығыңыз түсіп отыр. Елге тиісті еңбегімді сіңірдім, халқыма ризамын деп талай мәрте айтып, өз қолыңызбен тұрғызып кеткен Астана қаласының атауы өзгермеуін, оның ішінде Сіздің есіміңізбен аталмауын қадап тапсырғаныңызды да білеміз! Алайда, барша қазақстандықтардың да өзіңізге деген риясыз көңілі, шынайы алғысы бізді бүгін ашық хат жазуға мәжбүр етті.
Қаншама ғасырдан бері қазақ халқы бейбіт күнді, тыныш заманды армандап келді, сол үшін тер төкті, қан кешті. Ертеңіне алаңдамай, бүгінгісіне шүкіршілік еткен заманның туарына сенді, үмітін өшірмеді. Сол күнге де жетті, рахатын көріп отыр. Жеткен жетістігі бар, алар асулары әлі де мол мынау күн – ең алдымен Сіздің маңдай теріңіздің, күш- жігеріңіздің жемісі!
Қазір барша әлем Қазақстан десе, ең алдымен өзіңізді біледі, сіз тұрғызған Астананы таниды! Бұл - тарихқа таңбаланып қалған синонимдер! Осы жағдайда қазақ неге өз елордасын, өзінің Астанасын кемеңгер ұлының, заңғар көшбасшысының есімімен атағанын жөн көреді. Бұл халықтың орынды да, орындалуы тиісті тілегі деп білеміз. «Алғыс айта білмеген елдің алар асуы аласарады» дейді данышпан қазақ. Осы тұрғыдан қарар болсақ, Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту халықтың заңды алғысы деп пайымдағаныңыз абзал!
Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!
Ембі мұнайшылары Астана атауын Нұр- Сұлтан деп өзгертуін Сізден өтінеді. Бұл жалғыз біздің емес, барша қазақстандықтардың тілегі! Халықтың тілегі қабыл болады деп үміттенеміз. Өйткені, Сіз ешқашан елдің тілегін елеусіз қалдырып көрген жоқсыз! Алға, Қазақстан!

Атырау облысында Оралдан Атырауға шыққан рейстік автобус жүк көлігімен соқтығысқан, деп xабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Индер-Атырау тас жолында орналасқан Көктоғай тұрғындар ауылы маңында орын алған. Апатта 3 адам қаза тапты. Автобуста болған 43 адамның 15-і балалар. Балалардың арасында қаза тапқандар жоқ. 
 
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі xабарлағандай, апат нәтижесінде 15 адам Атырау облысының медициналық мекемелеріне әкелінді. Дәрігерлердің айтуынша, 5адам Атырау облыстық ауруxанасына жеткізілді. Осынша адам Махамбет ауданының орталық аудандық ауруханасына және 4 адам Индер ауданының орталық аудандық ауруханасына емдеуге тіркелді.
Қазіргі уақытта барлық медициналық қызметтер зардап шеккендерді қабылдауға дайын. Оқиға орнында 10 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді. Мобильді дәрігерлік амбулатория орналастырылған.

Аудан әкімдігі төтенше жағдай орын алған автобус жолаушыларына ыстық тамақ ұйымдастырды, әрі қарай келген жерге жеткізу үшін көлік дайындады. Психолог зардап шеккендермен жұмыс істейді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында атап өткендей, олардың денсаулығына қауіп жоқ.

Жолаушылар мен олардың жай-күйі туралы қажетті ақпаратты алу үшін 98 02 92, 8778 0072021 телефондары тәулік бойы байланыста. Апаттың себептерін тергеу жүргізетін органдар анықтауда. Алдын-ала тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-тармағы - «Көлік құралдарын басқаратын тұлғалардың жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көлік құралдарының жұмысын бұзу» бойынша жүргізіледі.

Страница 2 из 6