Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. 8 (712) 393 0766 makat70@mail.ru

Дойбышылар додасы

«Спорт – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен дойбыдан аудан мекемелері және мектеп оқушылары арасындағы аудандық жарыс өтті.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға аудан мектептері және мекемелерінен 30 талапкер қатысты.

Жарыс нәтижесінде ерлер арасында оқу орталығының атынан қатысқан М.Нұрмақов I орын, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің намысын қорғаған Н.Аққойшиев II орын, Х.Санбаев атындағы орта мектебінен қатысқан Ә.Ерғожиев ІІІ орынды жеңіп алды. Ал «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы Б.Рахметовке лайықталды.

Әйелдер арасында I орын Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен қатысушы А.Утароваға, II орын М.Баймұханов атындағы орта мектебінен қатысқан М.Жумесеноваға, III орын «Мақат Жастары» қоғамдық бірлестік атынан Ә.Қангерееваға лайықталды. «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен Ж.Аслановаға берілді.

Жарыстың ұлдар арасында I орынды М.Баймұханов атындағы орта мектебінен қатысқан Қ.Ниязбаевқа, II орын Л.Шахатов атындағы орта мектебінен қатысқан Н.Асхатұлына, III орын оқу орталығының намысын қорғаған С.Бахтыгерейге бұйырды. Ал «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы М.Әлиге лайықталды.

Қыздар арасында I орын оқу орталығынан қатысқан М.Өмірәліге, II орын – Л.Шахатов атындағы орта мектебінен қатысқан А.Бақтығалиға, III орын М.Баймұханов атындағы орта мектебінің қатысушысы Р.Жұбановаға берілді. Қыздар арасында «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы К.Қуанғалиға ұсынылды.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар атынан диплом, медальдармен марапатталды.

Ә.ТЕҢДІБАЙ,

әдіскер.

Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?