Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Фархат – бірінші

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Атырау қаласында мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында бокстан облыстық біріншілік өтті.

Аталмыш жарысқа ауданымыздан 52 кг. салмақ дәрежесінде Фархат Мұрат та барып қатысқан болатын. Ол Доссор кентіндегі Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінде оқиды. Доссор балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі жарыста қолғап түйістірген қарсыластарынан басым түсіп, бірінші орын иеленді. Сөйтіп, жарыс жеңімпазы танылды. Фархат – болашағынан зор үміт күтіп жүрген спортшылардың бірі. Спорт жолындағы қадамдарының сәтті болуына тілекшіміз.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.