Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Еламанға дауыс берейік!

Спорт десе, ішкен асын жерге қоятын жастарымыздың қатарында ел намысын қорғап жүрген спортшы Еламан Саясатов ауданымыздың мақтанышы.

Ол муай тай спортынан бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, Еуропа, Азия чемпионы атанып, алтын, күміс жүлдені қанжығасына байлап келеді. Еламанның жасынан спортқа деген талпынысы үлкен додалардан табылып, жеңісті бағындыруы салауатты еліміздің ұстанымын жадына түйгені деп білеміз. Бүгінде Еламан еліміздің ғана емес, әлемнің үздік спортшылары қатарынан орын алып отыр. Оның өмірге құштарлығы, бапкерлерінің еңбегін ақтап, биік нәтижелерге қол жеткізуі ауданымыздағы спорттың дамуының айқын көрінісі. Еламан қашанда жігерлілікті бойына жиып, жеңістің еңбекпен келетінін сезінген жан. Әріптестері мен спорт сүйер жандардың ықыласына бөленіп, бүкіл қазақ елінің намысын қорғауда жауапкершілік арқалаған спортшының алар асуы әлі де биікте деп есептейміз.

Еламан облысымызда ұйымдастырылып отырған «Үздік жас спортшы» байқауына қатысушылар қатарында дауыс жинауда. Дауыс жинау 12 желтоқсанға дейін жалғасады. Ел намысын қорғап жүрген жас спортшыны газет оқырмандары да қолдайды деген үміттеміз.