Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Палуандар алдыңғы саптан Табылды

Өткен аптаның соңында Еліміздің дзюдо спортына жас болса да, айтарлықтай үлес қосып келетін мақаттық Серікболсын Шынтас Польша мемлекетінің Олесница қаласында өткен халықаралық турнирде Қазақстан жастар құрамасы сапына белдесіп, қарсыластарын шақ келтірмей, алтыннан алқа тақса, доссорлық Ұлықбек Әбілхайыр күміске қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, қазақ күресінен, дзюдодан еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, республикаға танымал спортшы Серікболсын Шынтас өз салмағында әлем чемпионатының қола жүлдегері. Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленіп, бірінші орынды иеленсе, Германия 2-орынды, Грузия 3-орынға табан тіреді. Жарыс сапынан табылған Серікболсын мен Ұлықбектің жеңісі атыраулық спортшылар үшін де үлкен мәртебе болды. Палуандарға жеңісті белдесулер тілейміз!

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.