Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Серікболсын – чемпион

Спорт десе елең етер жанкүйер өткен жексенбіде тағы бір жағымды жаңалыққа куә болды.

Еліміздің дзюдо спортына жас болса да, айтарлықтай үлес қосып келетін мақаттық Серікболсын Шынтас Польша мемлекетінің Олесница қаласында өткен халықаралық турнирде Қазақстан жастар құрамасы сапына белдесіп, қарсыластарын шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленіп, бірінші орынды иеленсе, Германия 2-орынды, Грузия 3-орынды иеленді. 90кг салмақта жарыс сапынан табылған Серікболсынның жеңісі атыраулық спортшылар үшін де үлкен мәртебе болды.

Серікболсын палуанға жеңісті белдесулер тілейміз!