Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Еркін күрес бәсекесі өтті

Жер-жерден келген 230 палуан Доссор жерінде белдесті. Палуандар бұл жолы ауданның "Құрметті азаматы", КСРО спорт шебері, ауданда еркін күрестің және спорт мектебінің негізін қалаушы Тілекқабыл Құсайыновты еске алды.

2005-2006, 2007-2008, 2009-2010, 2011 жылы туған кіші жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі VI жасөспірімдер арасындағы ашық республикалық турнирге аудандар мен облыс орталығынан келген командалардан бөлек, көршілес Орал, Маңғыстау, Ақмола облыстарынан және Шешенстаннан палуандар келді.

Турнирдің салтанатты ашылуына Доссор кенті әкімі Ербол Ермағамбетов, Т.Құсайыновтың жары Ағилаш Жаншина, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің өкілдері, кент ардагерлері қатысып, жас палуандарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, «Спорт жұлдыздары» республикалық ғылыми-әдістемелік, спорттық журналының редакторының орынбасары Еркін Бақтияров редакция алқасының шешімімен ауданда спорт саласына еңбегі сіңген бірқатар азаматтарды "Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін", "Патриоттық және азаматтық белсенділігі үшін", "Спорт пен денешынықтыруды дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгілерімен марапаттады.

Екі күнге созылған жарыс нәтижесінде жерлестеріміздің арасынан І орынға Панарбеков Ерасыл (Мақат, 53кг), Қарасаев Дархан (Мақат, 38кг), Сайранов Ерасыл (Мақат, 57кг) ие болса, ІІ орынға Қарасаев Диас (Мақат 29кг), Жаңбыршиев Ануарбек (Доссор, 57кг) лайық өнер көрсетті. ІІІ орынмен Асқат Нұрлыбек (Мақат, 35кг), Ғарифолла Бекзат (Мақат, 41кг), Маратұлы Ербол (Мақат, 41кг), Хайролла Асылхан (Мақат, 48кг), Төлеп Әділет (Мақат, 48кг), Мұратұлы Алпар (Мақат, 38кг), Бағытжанұлы Бекжан (Доссор, 41кг), Толыбай Темірхан (Мақат, 26кг), Жұмабай Амандық (Мақат, 44кг), Асылбекұлы Ерасыл (Мақат, 57кг), Сайранов Ерасыл (Мақат, 57кг), Бисембаев Ақылбек (Мақат, 47кг) марапатталды.

Боз кілемде белдескен жас палуандардың қай-қайсы да мықты екендіктерін дәлелдей білді. Марапаттау сәтінде көздерінен де, өздерінен де спортқа деген құлшыныс байқалған жас палуандарымызға медаль және ынталандыру сыйлықтары табысталды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

Суреттер автордікі.