Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Ұлттық ойын жігерлендірді

М.Баймұханов атындағы орта мектепте 2003-2004 жылы туылған мектеп оқушылары арасында ұлттық спорт түрлерінен аудандық біріншілік өтті.

Біріншілікте тоғызқұмалақ, асық ату сияқты ұлттық ойындарынан жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты балаларды дене шынықтыру және спортпен тұрақты шұғылдануға тарту, рухани жігерлілікке, адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

Жарысқа аудандағы барлық мектеп оқушылары қатысып, ойын нәтижесінде асық атудан 3 орынды С.Шарипов атындағы мектеп-интернаты алса, 2 орынды Х.Санбаев атындағы орта мектеп еншіледі. Ал жүлделі 1 орынды М.Баймұқанов атындағы орта мектеп ойыншылары иеленді. Ал, бес тастан 3 орын С.Шарипов атындағы мектеп-интернатына бұйырса, 2 орынды Л.Шахатов атындағы орта мектеп ойыншылары еншіледі. Ал ойынның 1 орынын Х.Санбаев атындағы орта мектеп ойыншылары қанжығалады.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.